ХХІ ғасыр Азияның өрлеу ғасыры - Қ. Тоқаев

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ХХІ ғасыр - Азияның өрлеу ғасыры. Бұл туралы бүгін Азиялық саяси партиялар халырқаралық конференциясының бесінші Бас Ассамблеясында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  мәлім етті,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Қазір көптеген сарапшылар ХХІ ғасыр, сөзсіз Азияның өрлеу ғасыры болатынын айтуда. Бұл өрлеу уақытша бола ма, әлде батыстың көп ғасырлық басымдығына лайықты жауап бола ма, мұны тарихтың өзі шешіп береді. Бірақ, бір нәрсе анық. Геосаяси өлшемдер жүйесі қозғалысқа келді. Әлемдік құрылыстың қайта қалыптасуы басталғаны сөзсіз», деді Қ. Тоқаев.

Бүгінде әлемде мемлекетті басқарудың оңтайлы үлгілерін іздестіру үрдісі толассыз жалғасып жатқанына тоқталған ол, «бұл, әсіресе өтпелі дәуірді бастан кешіп жатқан, соның ішінде Азия құрлығындағы бірқатар елдерге тән құбылыс. Дүниежүзінде кез келген мемлекет өз тарихында елдің экономикалық негізін шайқалтқан дағдарыстардан аттап өте алған жоқ. Қазіргі таңда ең алдыңғы қатарлы дамыған елдердің өзі де оны бастан кешті. Оның үстіне жаһандану үрдісінің қарқыны реформалар мен өзгерістер жасауға дайын емес елдерді тарих көшінің соңына қалдыру қаупі де азайған жоқ», деді.

Соңғы жаңалықтар