ХХ «Бозторғай» байқауына 800-ден аса бала қатысады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ХХ «Бозторғай» байқауына 800-ден аса бала қатысады. Бұл туралы Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ХХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсы» директоры Қарлығаш Әбдікәрімова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Баспасөз мәслихатына композитор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Кеңес Дүйсекеев, Ресей мәдениетінің еңбек сіңірген қайраткері, Витебскдегі Славян базарының Ресейдегі штабының директоры Николай Кривенко, «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық байқауының директоры Қарлығаш Әбдікәрімова қатысты.

 «Дәстүрлі «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсы Алматыда осымен жиырмасыншы рет өтпек. Өткен жылдардағыдай конкурс Алматы қаласының Орталық демалыс паркінде ашық алаңда өтеді. Алматы қаласына Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Беларусьтен, Украинадан, Армениядан, Грузиядан, Әзербайжаннан, Литвадан, Латвиядан, Болгариядан, Италиядан, Чехиядан жас өнерпаздар  келмек. Конкурсқа 800-ден аса бала қатысады», - деді байқау директоры Қарлығаш Әбдікәрімова.

Айта кету керек, «Бозторғай» байқауында 4 аталым бар. Кез келген 17 жасқа толмаған бала вокалды эстрада, халық әндері, хореография, балалар сән театры бойынша бақ сынай алады.

Үздік шыққан өнерпаз Беларусьтің Витебск қаласында өтетін «Славян базары» байқауында ел намысын қорғайды.

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар