+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

ХҒС экипажының үш мүшесі бар «Союз МС-16» кемесі Қазақстанға қонды

2020 жылғы 22 қазан 09:34
Бөлісіңіз:
ХҒС экипажының үш мүшесі бар «Союз МС-16» кемесі Қазақстанға қонды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) үш мүшесі бар «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты Жезқазған қаласының оңтүстік-шығысына қарай Қазақстан даласына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Роскосмос баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Роскосмос ғарышкерлері Иван Вагнер, Анатолий Иванишин және NASA астронавты Крис Кэссиди бар «Союз МС-16» басқарылатын ғарыш кемесінің жерге қонушы аппараты қазақ даласына қонды. Олардың ұшу ұзақтығы 196 тәулікті құрады. Экипаж жұмысы барысында ресейлік ғылыми бағдарлама (медицина, ғарыштық биология, биотехнология, физика-химиялық процестер және т. б.) бойынша ғылымның түрлі салаларынан ондаған эксперименттер жүргізілді»,- деп хабарлады Роскосмос баспасөз қызметі Facebook-те.

2020 жылғы 22 қазанда Нұр-Cұлтан уақыты бойынша сағат 05:32-де Халықаралық ғарыш станциясында түйіскен «Союз МС-16» басқарылатын көлік кемесі экипажының мүшелері 08:54:12-де жерге аман-есен оралды. Жерге жақын орбитадан түсу және қону бойынша барлық операциялар штаттық режимде өтті. Роскосмос ғарышкерлері Анатолий Иванишин, Иван Вагнер және NASA астронавты Кристофер Кэссидидің денсаулығы жақсы, деп атап өтті Роскосмос.



Еске сала кетсек, Роскосмос YouTube -тегі өзінің арнасында «Союз МС-16» кемесінің қонған сәтінен тікелей трансляция жүргізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT