ХҒС экипажы «Союз» кемесіндегі тесікті бекітті

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасының экипажы (ХҒС) «Союз МС-09» әуе кемесінің тесілген жеріне жүргізілген жөндеу жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы дүйсенбі күні ТАСС зымыран-ғарыш саласындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

«Союз МС-09» кемесіндегі жөндеу жұмыстарының барлығы аяқталды. ХҒС экипажы қазір әдеттегі кестемен жұмыс істеп жатыр. Енді тек қысымды бақылап отыру қажет», - деді агенттіктің дереккөзі.

27 тамызға қараған түні ХҒС бортына ауа кіріп, қысым төмендеген еді. Кейін бұл оқиғаның «Союз» кемесі бортында екі миллиметр тесік салдарынан болғаны анықталды.

Сол күні кешкісін ресейлік ғарышкерлер тесікті герметикамен бекітіп, станса бортындағы қысымды қалпына келтірген. Осыған байланысты Ұшуды басқару орталығы жұмысты 28 тамыз күні таңға дейін тоқтатуды ұйғарды. Келесі күні оның үстін тағы бір қабат герметикамен жапқан.

Фото: NASA

Соңғы жаңалықтар