ХҒС экипажы мінген «Союз МС-07» ғарыш кемесі Жезқазған маңына қонады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасына жіберілген 54/55 ұзақмерзімді экспедициясының мүшелері - ғарышкерлер Антон Шкаплеров (Роскосмос), Скотт Тингл (NASA) және Норисигэ Канаи (жапон аэроғарыштық зерттеу агенттігі) «Союз МС-07» көліктік ғарыш кемесінің бортына отырып, люктерін жапты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Ғарышкерлер әріптестерімен қоштасып, ХҒС-на кіретін люктерді жауып, «СОЮЗ МС-07» ғарыш кемесінің бортына ауысты», - деді Ұшыруды басқару орталығының өкілі.

«Союзда» ғарышкерлер скафандрларын киіп, кеме жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексереді.

ХҒС-дан аттануға Мәскеу уақытымен сағат 12:16-да пәрмен беріледі. Одан кейін кеме стансадан алыстайды, алдағы бірнеше сағатта ғарышкерлер автономды түрде ұшатын болады. Атмосфераның тығыз қабаттарына ену бір сағат кейінге жоспарланған, 3 сағат 25 минуттан соң ғарыш кемесі Қазақстан аумағына Жезқазған қаласына таяу жерге қонуы керек.

Шкаплеров наурыз айында стансаға «Союз МС-08» экипажы жеткізген футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының добын Жерге әкеледі деп күтілуде. Бұл доп 14 маусым мен 15 шілде аралығында  Ресейдің 11 қаласында өтетін чемпионаттың бірінші матчында қолданылады деп жоспарланған.

Эндрю Фойстел (АҚШ, экспедиция командирі), Олег Артемьев (Ресей) және Ричард Арнольд (АҚШ) кіретін экипаж ХҒС-да өз жұмысын жалғастыра бермек. 6 маусым күні құрамында Ресей ғарышкері Сергей Прокопьев пен АҚШ пен Германия австронавтары Серена Ауньон мен Александер Герсть бар ХҒС-ның келесі экспедициясы Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-09» ғарыш кемесімен ұшырылады. 

Фото: roscosmos.ru

Соңғы жаңалықтар