ХҒС-57 экспедициясының мүшелері Қазақстан жеріне қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союз МС-09» басқарылатын көлік кемесінің (БКК) экипажы белгіленген Жерге сәтті қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бортында  ресейлік ғарышкер Сергей Прокопьев, еуропалық астронавт Александер Герст (ESA) пен америкалық астронавт Серена Ауньон-Ченселлор (NASA) бар капсула белгіленген уақытта, Астана уақытымен 2018 жылдың 20 қазанынан 11 сағат 03 минутта Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым  жерге сәтте қонды.

«Союз МС-09» КБК экипажы Жерге оралуының тікелей трансляциясы  Ұшуды басқару орталығынан (ҰБО) жүргізілді.

«Сағат 11:02-де қонды, күннің бұлтануы салдарынан құрылғының қонғанын анық көру мүмкін болмады», - деді ҰБО комментаторы.

Айта кетейік, «Союз МС-09» кемесінде ақау болып, экипаж жерге оралған еді. Бірақ, бұл оған қауіпті болмаған.

Еске салайық, бұл экипаж халықаралық ғарыш стансасында 2018 жылдың 6 маусымынан бері жұмыс істеп жатыр және 3 желтоқсанда экспедицияны аяқтауы тиіс еді. Бірақ, «Союз МС-10» ғарыш кемесін ұшыру кезіндегі апат салдарынан оның қайту мерзімі кейінге шегерілген болатын.

Автор: Сара Қабиқызы

Соңғы жаңалықтар