Хельсинки мен Алматы арасында жаңа әуе рейсі ашылады

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Финляндия арасында әуе қатынасын кеңейту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 3 желтоқсанда қазақстандық делегация Финляндияның авиация билігімен келіссөз жүргізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасында аптасына 14 рейске дейін, атап айтқанда Хельсинки - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша 7 рейске, Хельсинки - Алматы бағыты бойынша 7 рейске дейін ұшу жиіліктер саны артты» делінген хабарламада.

«Finnair» әуе компаниясы 3 жыл бойы Нұр-Сұлтан - Хельсинки бағыты бойынша ұшуда.

Жаңадан қол жеткізілген уағдаластық негізінде Нұр-Сұлтанға орындалатын рейстер санын ұлғайту және Алматыға рейс ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар