+7 (701) 759 90 19
USD 389.62 EUR 429.98
RUB 6.06 CNY 55.08
Jańalyqtar

ХЭБ одағының Бас хатшысы Тоқаевқа 5G бойынша халықаралық стандарттары жөнінде айтты

2019 жылғы 16 қыркүйек 19:08
Бөлісіңіз:
ХЭБ одағының Бас хатшысы Тоқаевқа 5G бойынша халықаралық стандарттары жөнінде айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулиньді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тоқаевтың БҰҰ 74-сессиясына қатысуына орай әзірленген жаңа деректі фильм көрсетіледі Әбіш Кекілбайұлы қара сөздің құдіреті арқылы елдің намысын оятып, рухын көтерді - Президент Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы келісімге өзгерістер енгізілді

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық электр байланысы одағының инфокоммуникациялық технология саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Президент Қазақстанда жаңа инновациялар мен технологияларды дамытуға және енгізуге баса мән берілетінін атап өтті. Мемлекет басшысы өңірде заманауи инфокоммуникациялық инфрақұрылым құрудың маңыздылығын айтты.

Чжао Хоулинь Қасым-Жомарт Тоқаевқа Халықаралық электр байланысы одағы қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, ол Президентке өзі басқаратын одақтың 4G және 5G сияқты телекоммуникациялар мен қызмет көрсету саласы бойынша әзірлеп жатқан халықаралық стандарттары жөнінде айтты.


Халықаралық электр байланысы одағы Бас хатшысының бағалауынша, Қазақстанда блокчейн, Big Data технологияларын, жаңа сандық қаржы құралдарын пайдалануға, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында, білім беру және денсаулық сақтау салаларында, мемлекеттік басқару ісінде кеңінен қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуге жақсы мүмкіндіктер жасалған деп санайды.

Кездесуге Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов, Халықаралық электр байланысы одағының өңірлік өкілі Кирилл Опарин қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT