«Хайвилл» кеңсесіндегі өртке қатысты ТЖД түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Хайвилл Қазақстан» кеңсе ғимаратының өртенуіне қатысты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше кешке 21 сағат 11 минутта «101» пультіне HighVill Kazakhstan кеңсесі ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жеткенде, екі қабатты ғимаратты қалың түтін басқан және өрт болып, ғимараттың ішкі конструкциясы құлағаны анықталды», - деді Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Қайсанов.

Оның айтуынша, тілсіз жаудың өршуіне ғимараттағы тез жанғыш USB-панель, пенопаластан және пластиктен жасалған декорациялық макеттер себеп болған.

«Өрт сағат 22:45-те ауыздықталып, 01:42 кеткенде толығымен жойылды. Өрт шалған аумақ 1500 шаршы метрді құрайды. Оны ауыздықтауға барлығы 25 бірлік техника және жеке құрамнан 95 маман жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді ол.

Департамент басшысының орынбасары мәлім еткендей, қазіргі уақытта оқиға орнында өрт-сынақ қызметі жұмыс істеуде.

«Өрт ғимараттың ішінен басталған, бірақ неден шыққаны әзірге белгісіз. Жалпы аталған нысан 2005 жылы пайдалануға берілді. Ол жерде өртке қарсы тексеріс соңғы рет 2012 жылы жүргізілді. Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жоспардан тыс өрт қауіпсіздігіне қатысты арыз-шағым түскенде ғана тексере аламыз. Тағы бір айта кетерлігі, бұл кеңсе көпшілік баратын ғимараттар санатына жатпайды», - дейді М. Қайсанов.

Еске салсақ, орын алған өрт оқиғасы туралы кеше хабарлаған болатынбыз.

Көп уақыт өтпей тілсіз жаудың сөндірілігені жөнінде ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар