«Хайшен» тайфуны салдарынан Жапонияда 430 мыңға жуық үй жарықсыз қалды

None
None
ТОКИО. BBC - ҚазАқпарат – Жапонияда «Хайшен» тайфуны салдарынан Кюсю аралында 430 мыңға жуық үй электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Билік алдын-ала жағалаудағы қалалардан екі жүз мыңнан астам адамды эвакуациялау туралы бұйрық берді. Жапонияның батыс префектураларындағы зауыттар, мектептер, дүкендер, кәсіпорындар жабылды. Жүздеген әуе рейсі, сондай-ақ теміржол байланысы тоқтады.

Сондай-ақ Ресейдің Приморье өлкесі мен Корея түбегінде де апатқа дайындық жүріп жатыр.

Бірнеше күн бойы Жапонияның оңтүстік аралдарына қарай жылжып келе жатқан «Хайшен» тайфуны жексенбіде айтарлықтай күшейіп, Мәскеу уақытымен шамамен 13.00-де жағалауға жетті.

Жапония метеорологиялық орталығының басшысы Йошихиса Накамото Хайшеннің өз күшін әлі де жоғалтпағанын ескертті.

Ойпатты аудандарда, әсіресе өзен сағаларында, күшті су тасқыны болуы мүмкін.

«Хайшен» - супертайфун, оның орталығындағы желдің жылдамдығы секундына 80 метрге немесе сағатына 290 км-ге жетеді.

Ресейлік Приморьеде «Хайшен» дүйсенбі-сейсенбі күндері де болады деген болжам бар. Онда Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері жоғары дайындық режиміне көшкен.

Бұл – соңғы аптада Жапонияда болған екінші күшті тайфун.

Мұнда бірнеше күн бұрын «Майсак» тайфуны болған еді, бұл – аймақтағы соңғы жылдардағы ең қатты соққан дауылдардың бірі.


Соңғы жаңалықтар