Хайнань аралында қою тұманның салдарынан жүздеген турист бөгеліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақытта Цюнчжоу шығанағында қою тұманның салдарынан кемелердің қозғалысын тоқтату жағдайлары жиілеп жүр. Көктем мерекесіне байланысты Арал провинциясы саналатын Хайнань-ның құрлықтық бөлігіне туристердің көптеп оралу кезі осы уақытқа тап келді. Оның салдары аралда көптеген адамдардың бөгеліп қалуына әкеліп соқтырды, деп хабарлайды Синьхуа.

Осы кезде Хайнань биілігі аралдан шыға алмай жатқан туристерді қайтару үшін түрлі шараларды қолға алуда. Оның ішінде әуе қатынасы да белсенді пайдаланылуда.

Статистикалық мәліметтер бойынша, 23 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19-30-да Сюин, Синьхай және Наньган порттарына апаратын жолда 7632 автомобиль, порттарда 4,8 мың көлік, жалпы саны 12432 машина тұрып қалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар тасымалының шарықтау шегі шамамен алғанда 10 наурызға дейін созылатын болады.

Соңғы жаңалықтар