Хайнань аралында 80 мыңнан астам турист қамалып қалды
2022 жылғы 7 тамыз 09:29

Хайнань аралында 80 мыңнан астам турист қамалып қалды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Хайнань аралында коронавирустың таралуына байланысты енгізілген локдауннан 80 мыңнан астам турист қамалып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Аралдағы Санья қаласында локтаун 6 тамыздан бастап енгізілген. 80 мың туристің шамамен 32 мыңы қонақүйлерде қамалып отыр. Олар коронавирусқа қарсы ПТР тесті жеті күн ішінде тапсырғаннан кейін ғана ол жерден кете алады. Осы жағдайға байланысты қаладағы қонақүйлер бағасы 50 пайызға дейін арзандатылған.

Жергіліктің БАҚ хабарлауынша, 6 тамызда Санья қаласындағы халықаралық әуежайда 333 рейс кейінге қалдырылған және теміржол пойыздарына билет сату тоқтатылған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT