Хайме Мунгия келесі қарсыласы ретінде Головкинді таңдағанын мәлімдеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген орта салмақтағы мексикалық боксшы Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) аргентиналық Гонсало Гастон Корияны (21-6, 8 КО) нокаутпен жеңгеннен кейін келесі қарсыласы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Мунгия айқастан кейін рингте берген сұхбатында келесі жылдың мамырында танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасқысы келетінін мәлім етті.
Г.Головкин WBA Super және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулдарының иегері.

Айта кетейік, Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) британдық Дензель Бентлиді жеңген Жәнібек Әлімханұлын Хайме Мунгиямен жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын.

«Мунгия жекпе-жекке келіседі деп үміттенемін және соны асыға күтемін», - деп жазған еді Жәнібек Тwitter-де.


Фото:sports.kz


Соңғы жаңалықтар