Хавьер Сала-и-Мартин АЭФ жайында: Басты мақсат идея алмасу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Колумбия университетінің профессор, экономика ғылымдарының докторы, Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің авторы Хавьер Сала-и-Мартин әлемдік қоғамдастық үшін Астана экономикалық форумының қаншалықты маңызды екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай форумдарды өткізу елдерді, олардың идеяларын байланыстыру үшін маңызды. Ең бастысы - сол не басқа елдің проблемасын түсіну. Өзім түзген экономикалық индекске сәйкес, әлемдегі негізгі проблема экожүйедегі инновация болып отыр. Дегенмен, барлық ел және билік тебұл проблеманы мойындайды. Сондықтан бірге жинала отырып, бұл проблеманы талқылайды», - деді ол форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан 59-орында тұр. Осы ретте шетелдік сарапшы барлық елдер үшін экономиканы әртараптандыру маңызды екендігін айтты.

«Негізінде рейтинг аса маңызды емес. Біз рейтингті БАҚ-та жария ету үшін немесе елдің қай орында тұрғандығын, ол бәсекеге қабілетті ме екендігін көрсету үшін ғана жасаймыз. Дәл осындай футболда да орын алады. Бірақ, ойында сіз жеңесіз не жеңілесіз. Елдің қай орында тұрғаны маңызды емес, маңыздысы оның индексі. Біздің әлсіз және күшті тұсымызды білу маңызды. Индекстердің көмегімен елдің қай деңгейде тұрғанын өлшейміз. Бірақ, индексті дұрыс өлшеу үшін білім қажет», - деді Хавьер Сала-и-Мартин.

Оның пайымынша, соңғы ғасырдың ішінде әлемдегі білім беру саласы еш өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Ал бұл проблеманы шешу үшін революция қажет. Ал білім беру жүйесін өзгертудің басты кілті - бұл бәсекеге қабілеттілік.

Соңғы жаңалықтар