«Хасеновтің ісі» бойынша арнайы комиссия құрылды - ҚР АШМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов "Хасеновтің ісі" бойынша түсініктеме беруден бас тартты. Алайда аталған фактіден кейін арнайы комиссия құрылғанын жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі кезде бұл іспен құқық қорғау органдары айналысып жатыр. Ол ветеринарлық бақылау жұмысына жауапты болды. Менің бұл жерде істегеніме 100-ақ күн болды. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Қ.Айтуғанов бүгін агроөнеркәсіп кешенін таныстыруға арналған жиында.

Ал журналистердің "Сақташ Хасеновты ұстағаннан кейін министрлікте ішкі тексерістер басталған жоқ па?" деген сұрағына: "Бүгінде арнайы комиссия құрылды. Ол біздің мамандармен жұмыс істеп жатыр", - деп қысқа ғана жауап берді.
 
 Еске сала кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жұма күні бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған болатын. Комитет төрағасы С. Хасенов бұрын Министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Е. Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.  Сонымен, Қазақстан аумағы бойынша 1 000 тонна құс етін кедергісіз өткізуге рұқсат бергені үшін «Хладоленд» ЖШС басшыларынан 5 млн теңге көлемінде кезекті пара алу барысында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет С. Хасенов пен Е. Решетьконы  ұстады. Олар кінәларын толықтай мойындады.   

Соңғы жаңалықтар