Харри Магуайр футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Манчестер Юнайтед» «Лестер» клубының және Англия құрамасының қорғаушыларын сатып алатынын мәлім етті. 26 жастағы ағылшындық футболшы Харри Магуайр 87 млн еуроға бағаланып, спорт тарихындағы ең қымбат қорғаушы атанды, деп хабарлайды eurosport.

Харримен келісімшарт 6 жылға жасалды. 26 жастағы қорғаушы бір маусымда шамамен 9 млн еуро алады деп күтілуде.

Бұған дейін әлемдегі ең қымбат қорғаушы Вирджил ван Дейк болған еді. 2018 жылы ол «Саутгемптоннан» (Ливерпульға» 75 млн фунтқа ауысты.

Соңғы жаңалықтар