Ханзада Чарльз Британияның жаңа монархы болған соң III Карл есімін алды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британия патшайымы II Елизавета 96 жасында өмірден өтті. Енді тақ оның ұлы ханзада Чарльздың қолына өтіп, ол III Карл есімін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com сайтына сілтеме жасап.

III Карл Британия патшасы болып ресми түрде жұма күні жарияланады. Содан соң ол ел ішінде патшайымды еске алу турына аттанады.

Елизавета патшайымның денесі 10 күннен соң жер қойнына табысталады. Оған дейін елде ұлттық аза тұту күні болады.

Патшайымның қайтыс болуына орай көптеген елдің басшылары көңіл айту жеделхатын жолдады. Джо Байден, тіпті, өз мәлімдемесінде II Елизавета британ монархы ғана болып қоймағанын, ол тұтас дәуірдің бейнесін қалыптастырғанын атап өткен.


Соңғы жаңалықтар