Ханс Клюге қазақстандық телеарнаға сұхбат беруге ниетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстан телеарналарының біріне сұхбат беруге ниетті. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Сержан Айдосов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ханс Клюге өз тарапынан қызығушылық танытып отыр. Ол «сіздердің тәжірибелеріңізді қарап, соған қатысты ұстанымызды білдірсек» деп ұсыныс жасады. Осы аптаның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігімен бірлесе отырып, Хабар-24 немесе басқа республикалық арнамен келісімге келеміз. Ол сұхбат беруге дайын», - деді Сержан Айдосов «Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды» бағдарламасы барысында.

Естеріңізге сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавирусқа қарсы күрес шараларына жоғары баға берген еді.

«Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі», - деп жазды Клюге Twitter-де.


Соңғы жаңалықтар