+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Ханойда сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының отырысы өтеді

2009 жылғы 21 желтоқсан 18:27
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Желтоқсанның 22-сінде Вьетнам астанасы Ханойда сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Вьетнам үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми өкілдің айтуынша, келіссөздерге Қазақстан жағынан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев, ал Вьетнам тарапынан өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Ле Зань Винь бастаған делегация қатысатын болады.

Аталған шара аясында екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту болашағы, сондай-ақ биылғы жылдың қыркүйегінде Вьетнам Премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланбақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT