«Ханна» дауылы құм астында тасқа айналған орманды ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 4,5 мың жыл бойы құм мен судың астында жатқан тарихқа дейінгі орман аяқ астынан Уэльсте болған дауылдың нәтижесінде ашылды, деп хабарлайды bbc.com.

Қатты желдің екпінімен теңіз тартылып, ағаштар жатқан шымтезек ашылды. Тас болып қатып қалғансан жүздеген ағаш діңдерін Кередигион графтығында Борт пен Инислас ауылдарының арасынан көруге болады.

XVII ғасырда топан су басып қалған өркениет жайлы «Суға батқан жүздік» деп аталатын аңыз тараған.

Бұл жер бұрынғы уақытта су тасқынынан бөгеттер мен шлюздардың көмегімен қорғалып, шұрайлы жері мен халқы бар аумақ болған деп есептеледі. Аңызда бұл жердің қатты дауыл болған кезде бірнеше рет су астында қалғаны айтылады.

Біздің заманымыздың VI ғасырында 16 жергілікті ауыл суға батып, көптеген адамдар қаза тапқан.

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар