Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Хан Тәңірі шыңында Черногориядан келген альпинист қаза тапты

2019 жылғы 14 тамыз 14:31 94
Бөлісіңіз:
Хан Тәңірі шыңында Черногориядан келген альпинист қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат-Кабар – Хан Тәңірі шыңында (7 010 метр) 7 тамызда қайғылы оқиға болды – Черногориядан келген альпинист Милан Радович қаза тапты. Оның мүрдесі базалық лагерьге жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

«Физикалық және техникалық дайындықты қажет ететін, 7010 метр биіктіктегі Хан Тәңірі шыңына сәтті шыққан Милан Радович 4-ші биіктік лагеріне түскен болатын. Кейін ол тұрған мұз шытынап кетіп, 1 000 метр құздан құлап, черногориялық альпинист қаза тапты», - делінген «Visokogorci Crne Gore» альпинистер клубының сайтында.

Айта кеткен жөн, марқұммен бірге жұмыс істеген әріптесі Александр Джаджич зардап шекпеген. Ол қайғылы оқиға болған кезде палатканың ішінде болған. Альпинистер палатканы 6 400 метр биіктікте орнатқан. 

«Ак-Сай трэвел» туристік компаниясының кеңесші-құтқарушысы Тимур Малахуновтың айтуынша, қаза тапқан черногориялық альпинистің денесі базалық лагерьге жеткізілді.

Еске салайық, черногориялық альпинистер Тянь-Шань тауында экспедицияны 20 шілдеде бастаған. Олардың басты мақсаты – 7 439 метр биіктіктегі Жеңіс шыңына шығу болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қырғызстан, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT