«Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының астыңғы қабатын түтін басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТЖК сілтеме жасап.

«2 қарашада сағат 9:42-де «101» пультіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жертөле қабатын түтін басқандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орына келген өрт сөндірушілер аталған нысанның техникалық бөлігінде электр кабельдердің тұтанғанын анықтады», - делінген Комитет хабарламасында.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде кабельдердің жануы сағат 10:36-да толықтай өшірілді.

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін орталық әкімшілігі қызметкерлердің барлығын эвакуациялап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 11 адам мен елордалық ТЖД-ның екі техникасы тартылды.

Соңғы жаңалықтар