«Хан Шатыр» бассейніндегі бала өлімі: Тергеу жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаев «Хан Шатыр» бассейнінде мектеп оқушысының суға батып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін орын алған қайғылы оқиғаға байланысты біріншіден ата-анасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. «Хан Шатырға» жазғы сауықтыру лагеріндегі мектеп оқушылары барған. Жылда «Хан Шатырға» балалар осылай барып тұрады. Оған барғанда мектеп тарапынан, сонымен қатар «Хан Шатырдағы» нұсқаушылар тарапынан баланың қауіпсіздігіне байланысты барлық шаралар дұрыс орындалған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр», - деді ол.

Басқарма басшысының орынбасары қайғылы оқиғаның қандай себептерден орын алғандығын қазір нақты айту қиын екендігін атап өтті.

«Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін осы оқиғаға қатысты қосымша ақпарат хабарлайтын боламыз. Қаза болған бала №10 мектептің 1 бірінші сынып оқушысы. Жазғы лагерге ата-анасының өтінішімен жазылған. Ата-аналар балаларын «Хан Шатырдағы» бассейнге апаруды өтінген. Бассейнге балаларды мектеп мұғалімдерімен бірге бірнеше ата-ана да апарған, болған. Жалпы бассейнге 200-дей бала барған», - деді Д.Жекебаев.

Бұған дейін елордадағы «Хан Шатырдағы» бассейнде қыз бала суға батып кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар