Халықтың ұстанымына үндес болған Президентке алғыс айтамын - Мұхтар Тайжан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша республикалық комиссия жұмысы жемісті болды. Бұл туралы бүгін аталған комиссияның отырысында Құқықтық топтың жетекшісі Мұхтар Тайжан мәлім етті.

«Біздің комиссияның жұмысы жемісті болды деп есептеймін. 3 айдың ішінде тиісті шешімді жасап отырмыз. Менің ойымша, бұндай шешім қабылданса, онда халықтың көңілінен шығады. Себебі, 5 жыл жер ешкімге сатылмайды, шетелдіктерге жалға берілмейді. Халықтың қалауы да сол болды. Ал осы бес жылда біз халыққа керек барлық шешімдерді жүзеге асыруымыз керек»,-деді М. Тайжан.

Айта кетейік, Астанада Жер мәселелері жөніндегі комиссиясы жерді жалға беру туралы мараторийді 5 жылға дейін созу мәселесін талқылауда.
«Бұл - талқылап отырған жер мәселесі өте маңызды. Меніңше, бұл тұрғыда халыққа рахмет айтуымыз керек, себебі халық отансүюді көрсетті. Президентімізге алғысымызды айтуымыз керек. Өйткені, халықтың ұстанымын, пікірін естіп, түсініп, мораторий жариялады, сосын комиссия құрды. Бұл өте орынды шешім болды. Бұдан бөлек, комиссия мүшелеріне рахмет айтқым келеді», - деп түйіндеді сөзін Құқықтық топ жетекшісі.

Соңғы жаңалықтар