Халықтың тұрмысы жақсарса, бірлігіміз бекемделе түседі - Шалатай Мырзахметов

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістандық еңбек ардагері Шалатай Мырзахметов «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі бетбұрысты оқиғаға айналғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ендігі жерде мемлекеттің барлық күш-қуаты халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталатыны, республикалық бюджеттің 45 пайызы әлеуметтік мәселелерге арналатыны көңіл қуантады, - дейді еңбек ардагері.

«Мәселен, мүгедек балалар асырап отырған ата-аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерінің 30 пайызға көбейтілуі соның айғағы. Мемлекет басшысы билік жүргізіп жатқан реформалардың оң нәтижесін қазақстандықтар бүгіннен бастап сезінуі тиіс екенін атап өтті. Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда маңызды міндеттердің бірі - денсаулық сақтау саласы. Н.Назарбаев отандық медицинаны дамытуға қосымша 120 миллиард теңге жұмсалатынын жеткізді. Ұлт Көшбасшысы халықтың әл-ауқатын жақсартып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың мүддесін қорғауға бағытталған көптеген шараларды көрсетіп берді. Енді жаңадан жасақталған Үкімет пен жергілікті билік осы істердің уақтылы әрі толық орындалуын қамтамасыз етуі тиіс».

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты қысқа мерзімде қазақстандықтардың әл-ауқаты өсіп, табыс пен тұрмыс сапасын жақсара түседі деген пікірде. Тек Елбасы қойып отырған осынау міндеттердің үдесінен шыға білу үшін ең алдымен халықтың ынтымағы мен бірлігін сақтау қажет.

Соңғы жаңалықтар