Халықтың тұрғылықты жерінен еркін шығуына қандай жағдайда рұқсат беріледі
«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері 7 күн бойы COVID-19-ға шалдығу өсімінің деңгейі 7 пайыздан аспаған жағдайда 2 және одан да көп адамның әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, бірге серуендеуі барысына міндетті түрде маска тағу арқылы тұрғылықты жерінен еркін шығуына рұқсат беруді; 3 адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасының мүшелері әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, саябақтарға, алаңдар, гүлзарларға және ойын-сауық нысандарсыз жағалауларға баруын рұқсат етсін», - делінген қаулыда.
Сонымен қатар әлеуметтік арақашықтық (3 адамнан көп топ немесе бір отбасы мүшелері) сақтай отырып аулаға шығуға, Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекіткен қосымша талаптарды және күшейтілген санитарлық-залалсыздандыру режимін міндетті түрде сақтай отырып, Қазақстан Республикасының өңірлері арасында (әуе рейсімен) баруға/келуге рұқсат берілмек.