«Халықтың сүйіктісі» сыйлығына кім лайық

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесіне үміткерлерді ұсыну басталады. Бұл жайында Ғалым Байтүк Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін сағат 22-00-де «Халықтың сүйіктісі» ұлттық жүлдесі ресми тобының парақшасында Жүлденің жаңа іріктеу циклінің алдын ала кезеңін - үміткерлерді ұсынуды бастайды», - деп жазды ол.

Оның дерегінше, әлеуметтік желі қолданушылары мынадай аталымдар бойынша жүлдеге өз үміткерлерін ұсына алады:
1. Үздік жыл ұстазы
2. Үздік дәрігер
3. Үздік спортшы (ерлер)
4. Үздік спортшы (қыздар)
5. Жыл Парламентарийі
6. Үздік тележүргізуші
7. Үздік публицист
8. Жыл мәдениет қайраткері
9. Үздік ақпараттық интернет басылым
10. Блогосфера көшбасшысы
11. Үздік фермер
12. Үздік кәсіпкер
13. Жылдың fashion қайраткері
14. Үздік қоғамшыл
15. Жылдың үздік вайнері

Айта кетейік, сыйлық 2011 жылдан бастап беріліп келеді және Қазақстандағы танымал коммерциялық емес жүлделердің біріне айналды.

Соңғы жаңалықтар