«Халықтың сүйіктісі» атану жауапкершілік артады- Серәлі Жолдаспаев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша ақмолалық Серәлі Жолдаспаев ең үздік санитарлық-эпидемиологиялық қызметші атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар – «Республика – Өңір – Даму» қоғамдық қоры өкілдерінің айтуынша, дәстүрлі 10 аталымнан бөлек, пандемиямен күресуде медицина қызметкерлері мен волонтерлердің қосқан үлесі ескеріліп, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және медицина қызметкерлерін марапаттау туралы шешім қабылданды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Ақмола облысының Бурабай аудандық бас санитарлық дәрігері Серәлі Жолдаспаев «Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ең үздік жұмысшы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.

Серәлі Есіләмұлының айтуынша, осындан бірнеше ай бұрын әріптестері оның осы байқауға қатысуына бір ауыздан қолдау білдірген.

«Байқауға алдымен мінездемемді пандемия кезінде жұмыс есебімді жібердім. Кейін маған ондағылар хабарласып, бірінші кезеңнен өткенімді айтты. Одан әрі байқау қалай өтіп жатқандығы туралы хабарсыз болдым. Алайда онлайн дауыс беруде бағым жанып, көп дауыс алдым. Жеңімпаз болғанымды кеше естідім. Байқау лауреаты атану әрине үлкен қуаныш», - дейді жеңімпаз.

Серәлі Есіләмұл өзінің еңбек жолын Челябі облысының Варнен ауданындағы Эпидемиолог – санитарлық дәрігер ретінде бастаған. Кейін жас дәрігер сол кездегі Щучье аудандық санитарлық эпидемиологиялық стансасына ауысты. Біраз жылдар бойы Зеренді және Щучье ауданында басшылық қызметтерде істеді. Артынша таратылып, қайта құрылған Бурабай аудандық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жұмысқа қабылданып, содан бері басшы қызметін атқарып келеді.

Оның «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығында жеңіске жетуіне жаз айларында коронавирус инфекциясының өршіп тұрған кезінде Бурабай ауданында дерттің таралуын тежей білуі әрекеті әсерін тигізген.

Еске салсақ, «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаттары анықталғаны туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар