«Халықтың сүйіктісі-2018» сыйлығының иегерлері анықталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Халықтың сүйіктісі-2018» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Республика-Аймақ-Даму» Қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоққа сілтеме жасап.

«Күні кеше ғана «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының иегерлері анықталды. Аталмыш сыйлықта «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы» атанған «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі ұжымын құттықтаймыз», - деді Ғалым Байтоқ ҚазАқпарат тілшісіне.

«Халықтың сүйіктісі-2018» Ұлттық сыйлығы жеңімпаздарының тізімі төмендегідей:

№1 номинация - «Жылдың үздік дәрігері»:

Тоқан Сұлтанәлиев Тоқан, Астана қаласының Ұлттық онкология және транспланталогия ғылыми орталығының бас хирургы.

№2 номинация - «Жылдың үздік мұғалімі»:

Ербол Іргебай, «Оқушылар сарайы» директоры.

№3 номинация - «Жылдың үздік спортшысы»:

Александр Колядин, Пхенчхандағы қысқы паралимпиада чемпионы.

№4 номинация - «Жылдың үздік спортшы қызы»:

Зүлфия Ғабидуллина, 2016 жылғы паралимпиаданың алтын медаль иегері, 2018 жылғы паралимпиадашылардың арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы.

№5 номинация - «Жылдың үздік парламентарийі»:

Бақытжан Жұмагұлов, ҚР Парламент Сенатының депутаты.

№6 номинация - «Жылдың үздік тележүргізушісі»:

Ләйлә Сұлтанқызы, Жетінші арна.

№7 номинация - «Жылдың үздік публицисі»:

Ислам Кураев, time.kz.

№8 номинация - «Жылдың үздік мәдени қайраткері»:

Бақытжан Әшірбаев, белгілі сәулетші, ақын, кинематографист, Шымкент қаласы.

№9 номинация - «Жылдың үздік ақпараттық интернет басылымы»:

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі.

№10 номинациясы - «Жылдың үздік блог саласының көшбасшысы»:

Қазыбек Фрейдман, Twitter, Facebook.

№11 номинация - «Жылдың үздік фермері»:

Алмат Тұрсынов, «ТПК Қарасу» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы, сонымен бірге Болатбек Әлиев, «Dala Frukt» компаниясының негізін қалаушы, Түркістан облысы.

№12 номинация - «Жылдың үздік кәсіпкері»:

Қайрат Маишев, «Жас Қанат 2006» ЖШС бас директоры, Қостанай облысы, сонымен бірге Дмитрий Шарапаев, «Радуга» ЖШС бас директоры, СҚО.

№13 номинация - «Жылдың FASHION қайраткері»:

Малика Дүйсенбаева, дизайнер, модельер.

№14 номинация - «Жылдың үздік қоғам қайраткері»:

Ерлан Саиров, қоғам қайраткері.

№15 номинация - «Жылдың үздік вайнері»:

Мейіржан Төребаев (патруль, тіркеуші).

 

Соңғы жаңалықтар