Халықтың шілдедегі атаулы ақшалай табысы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы шілдеде халықтың атаулы ақшалай табысы 100 мың теңгеден асты. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылғы шілдеде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 100 982 теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы шілдеге қарағанда 6,9 пайызға жоғары. Аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 1,4 пайызға өсті, - делінген ведомство мәліметінде.

Комитет ақпаратына сәйкес, 2019 жылғы шілдеде халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс 71,9, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар - 10,7, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар – 16,7 және өзге де ақшалай табыстар 0,7 пайызды құраған.


Соңғы жаңалықтар