Халықтың өмірін жақсартуға ұмтылған азаматтар көп – праймериз қатысушысы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда праймериз қатысушысы, «Я Алматинец» бірлестігінің жетекшісі Константин Авершин қала тұрғындарының өмірін жақсартудың басым тұстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкілеттік органда жұмыс істеудің арқасында адамдардың өміріне жүйелі өзгеріс енгізуге болады. Олар жайлы ортада өмір сүруге құқылы. Олар өздерінің салығынан төленіп жатқан жұмыстардың сапалы болуын талап етуге құқылы. Сапалы медицина, сапалы білім алып, сапалы жолдарда жүруге құқығы бар», - деді ол.

Үміткердің айтуынша, барлық қатысушылар праймериз кезеңдерінен өтті.

«Жақында праймериз нәтижесі шығады. Біздің бір байқағанымыз, халықтың өмірін жақсартуға ұмтылған азаматтар көп екен», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар