+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Халықтың мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды - Тоқаев

2019 жылғы 12 желтоқсан 15:07
Бөлісіңіз:
Халықтың мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекетімізді бақуатты елге айналдырып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту - ұлттық стратегиямыздың басты мақсаты. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Жамбыл облысының әкімін қабылдады Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді Президент мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды

«Біз Тәуелсіздік жылдарында жалпы ұлттық бірлік рухын күшейттік. Төрткүл дүниеде болып жатқан өзгерістерге қарасақ, мұның аса маңызды екенін жақсы түсінеміз. Қазіргі таңда әлем қоғамдастығы соңғы 50 жылдағы ең күрделі сенім дағдарысын бастан өткеруде. Бұл - тұрақтылық пен ынтымаққа қауіп төндіретін үрдіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті азаматтар мен мемлекет институттары арасындағы қарама-қайшылықтар да ушығып тұрғандығына баса назар аудартты.

«Күллі әлем жұртшылығы тұрмыс сапасын жақсартуды, тең мүмкіндіктер беруді және мемлекеттің ашықтығын талап етуде. Қазақстан – осы әлемнің бір бөлігі. Сондықтан бұл мәселелердің біздің елімізге де қатысы бар. Осындай жағдайда жалған ұрандарға сенген елдің береке-бірліктен айырылғанына куә болып отырмыз. Сондықтан жағымсыз әрекеттерге дер кезінде назар аударып, халықтың мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды», - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен еліміздің тұғыры әрқашан мықты болуы керектігін баса айтты.

«Ал, бұл халқымыздың татулығына байланысты. Бірлік бар жерде тірлік бар. Мемлекетімізді бақуатты елге айналдырып, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту – ұлттық стратегиямыздың басты мақсаты», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT