+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Халықтың мақұлдауынсыз еш актіге қол қойылмайды - Бақытжан Сағынтаев

2019 жылғы 14 тамыз 15:03
Бөлісіңіз:
Халықтың мақұлдауынсыз еш актіге қол қойылмайды - Бақытжан Сағынтаев

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданы халқымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр Қордайда бұзылған үйлер демеушілердің қаражатымен жөнделеді Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

Кездесу кезінде әкім кез келген жерде халық пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

«Бақылау мәселесі болмай жатыр. Адамдар тарапынан мердігерлердің құнттамайтындығы жөнінде шағым көп. Жасап кетеді, артынан қирап жатыр. Егер жол, арықтар жасалып жатса, тұрғындармен келісіп бақылау орнату керек. Көше тұрғындарының көңілі толмаса, қабылдау- тапсыру актісіне қол қойылмайды. Кісілер сапасы дұрыс десе ғана қол қоямыз», - деді әкім.

Қала басшысы мемлекеттік қаржыны игерудегі олқылықтарды да атады.

«Президент айтқандай, бізде көп дүние берілген қаржыны тезірек игеру, есеп берумен құтылу болып табылады. Жұмыс 100 пайыз орындалды, аяқталды. Аяқталған ештеме жоқ. Тездетіп ақшаны төлеп тастадық. Өйткені, жоғары жаққа есеп беру керек. Мұның қажеті жоқ. Мемлекет бөлген, халық игілігіне жұмсалған қаржы босқа кетті. Не қаржы жоқ, не жасалған дүние жоқ. Одан да асықпай сапалы жасалсын. Келер жылға көшетін болса, көшсін. Оған түсінікті себеп бар», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT