Халықтың долларды сатып алу көлемі азайып келеді - Ұлттық банк

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Қаңтар айында өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, халықтың долларды сатып алу көлемі 5 пайызға азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің айтуынша, қолма-қол шетел ақшасы нарығында халықтың валютаны сатып алу көлемі біртіндеп төмендеп келеді. «Қаңтардың қорытындысы бойынша халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуы алдыңғы аймен салыстырғанда 44 пайызға, ал 2016 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, 5 пайызға төмендеп, 202 млн. АҚШ долларын құрады», -  деді Ақышев бүгінгі брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде депозит нарығында да валюталық салымдардың үлесі төмендеп келеді. 2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша, шетел валютасы бар депозиттердің орташа көлемі 53 пайызды құрады. Жеке тұлғаларға тиесілі депозиттердің үлесі 60,2 пайызға, ал заңды тұлғалардікі 47,3 пайызға дейін төмендеп отыр. Жалпы, депозиттердің көлемі 17,5 трлн. теңгені құрады.

 

Соңғы жаңалықтар