Халықтың діни сауатын ашуда алға қойған міндет көп

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Қоғамдық даму басқармасының бастауымен және ұйымдастырумен кезінде Ақпараттық түсіндіру топтары құрылған болатын.

Оның құрамына белгілі дінтанушылар, исламтанушылар, психологтар, заңгер, философ, мәдениеттанушылар, қоғамда танымал, беделді мәдени, спорт және қоғам қайраткерлері кіреді.

Сонымен қатар, ақпараттық түсіндіру жұмыстарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті, әсіресе дінтану және мәдениеттану кафедрасы ерекше белсенділік танытуда.

Бұл топтың негізгі мақсаты көпшіліктің діни және дінтанулық сауаттылығын ашу, қоғамдағы деструктивті, радикалды діни топтардың шынайы мақсат мүдделерін түсіндіру, дін саласындағы мемлекет пен конфессия ара-қатынасын, қоғамдағы зайырлылық принципін, дінге қатысты заңнамалардың негізгі талаптарын, осы бағыттағы басқа да күнделікті туындап отыратын өзекті мәселелерді түсіндіру.

Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау орталығының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру топтары халық арасында, әртүрлі ұйымдарда, оқу орындарында, мекемелерде, университет пен колледждерде, базарлар мен емханаларда қазіргі еліміздегі және де жалпы әлемдегі діни жағдайларға байланысты жан-жақты түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде іске асыруда.

Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау орталығының бастауымен Ақпараттық түсіндіру топтары бүгінгі күнге дейін еліміздегі соңғы жылдары қалыптасқан діни жағдайларды көпшілікке түсіндіру барысында әртүрлі бағытта 344 іс-шара өткізген екен. Ол дәрістер, семинарлар, дөңгелек үстелдер және тағы басқа іс-шаралар. Бұл шараларды өз саласында білікті маман саналатын 63 лектор іске асырып отыр.

Ақпараттық түсіндіру тобы ситуативті, қоғамда орын алған келеңсіз жағдайларға ғана байланысты емес жүйелі түрде кездесулер, семинарлар, флешмобтарды өткізіп, діннің өзекті мәселелері бойынша дәрістер оқып тұрады. Экстремизмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тиісті деңгейде қолға алынып өткізіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Бірақ, осы саладағы барлық мәселелер шешілді дегенді білдірмейді. Себебі, радикалды топтарды басқарып отырған адамдар да қарапайым адамдар емес, ұйымдастыру жұмыстарын жеткілікті деңгейде өткізіп, барған сайын күрделендіріп жаңа бір тәсілдерді қолданады. Осы саладағы мамандар тек олардың істеріне жауап беріп отырмай, алдын алу керек, жұмыстың заманауи жаңа тәсілдерін, неғұрлым тиімді жолдарын жетілдіріп отыру қажеттілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс аз емес.

Байтенова Н.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

дінтану және мәдениеттану кафедрасының

профессоры, философия ғылымдарының докторы

Соңғы жаңалықтар