Халықтың 40 пайызы әкімді тікелей сайлауға мүмкіндік алады – Алуа Жолдыбалина

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина ауыл әкімдерін сайлауға қатысты заңнамалық түзетулерге түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Парламент Сенатының отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар қаралды. Ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру және ауылдық аумақтарды орнықты дамыту мемлекеттік басқарудың аса маңызды міндеті болып табылады. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей, ауылдың әлеуметтік құрылымы урбанизация, көші-қонның артуы, экономикалық қызмет жағдайларының өзгеруі және тағы басқалар сияқты жаһандық тенденцияларға байланысты бірқатар өзгерістерге ұшырап отыр. Бұл өз кезегінде ауылдық аумақтарды дамытуды басқару құралдарын оңтайландыруды қажет етеді», - деді Алуа Жолдыбалина ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген пікірінде.

Оның айтуынша, ауылдық елді мекендерде халықтың 40%-ға жуығы тұрады. Әкім аппараты бар ауылдар саны 2 мыңнан асады.

Алуа Жолдыбалина әкімдердің сайлануына қатысты басты жаңалықтарды атады. Олар:

жергілікті алқалық кеңес органын құру. Ол ауылдың әрбір тұрғыны үшін жергілікті маңызы бар маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын болады;

- ауылдық округ әкіміне кандидаттардың өзін-өзі ұсынуы;

- ауылдық округ әкімдерінің кеңес алдындағы жауапкершілігі;

- жергілікті қоғамдастық жиналысының немесе кеңестің әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімге бастамашылық етуі.

«Бұл жаңашылдықтар азаматтардың қоғамдастық жиналыс институттарына, кеңестеріне және сайланған әкімге өздерінің билік өкілеттіктерін беру арқылы жергілікті мәселелерге тікеле араласуына мүмкіндік береді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әкімшілік және фискалдық орталықсыздандыру ауылдық аумақтардың коммуналдық меншігін дербес басқаруды жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және жергілікті жерлерде азаматтық жауапкершіліктің өсуі үшін тиімді ұйымдық-экономикалық негіздердің біріне айналды», - деді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар