Халықтың 200 млн теңгесін қолды еткен келіншек ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы Қытай мен Қырғызстаннан тауар әкеп берем деп алаяқтықпен айналысқан әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

37 жастағы келіншек Қазақстанның түкпір-түкпірінде талай адамды сан соқтырып кеткен. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ол халықты «Қытай мен Қырғызстаннан тауар таситын «каналым» бар» деп сендірген.

«37 жастағы әйел арзан тауар әкеліп берем деп адамдардың сеніміне кіріп жүрген. Осылайша ол бизнеске ақша салуға шақырған. Өзінің бизнес каналының тиімді екенін, арзан тауар әкеп беретінін айтқан. Тергеу барысында оның жалпы алғанда 200 млн теңгені қолды еткені анықталды. Тек біздің ауданның өзінде 20 қылмысқа қатысы бар болып шықты», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасы басшысы Данияр Мендебаев.

Бүгінде аталмыш әйелге қатысты ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл әйел мұның алдында да осы тектес қылмысы үшін істі болған.

«Жапа шеккен жандардың 254-46-12, 8-775-203-64-04, 8-702-333-42-64, 8-702-007-55-11 телефондарына хабарласуын сұраймыз», - деді полиция депаратментінен.

Соңғы жаңалықтар