Халықтың 1 миллион 200 мыңы интернетке қосылған, бұл өте аз көрсеткіш - Үкімет басшысы

None
None
анның 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада еліміздің «Электрондық Үкіметін» дамыту аясында өтіп жатқан халықаралық конференцияда  ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы екі-үш жылда ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласында сапалы серпіліс жасау керектігін тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Алдағы екі-үш жылда бізге бұл салада сапалы серпіліс керек. Соңғы халық санағында  халықтың 55 пайызы компьютерді пайдаланатыны белгілі болды. Халықтың 1 млн. 200 мыңы интернетке қосылған. Яғни, бұл 12,5 пайызды құрайды. Бұл өте аз көрсеткіш», деді Үкімет басшысы.

Осы орайда К. Мәсімов ақпараттық қамтамасыз ету, интернет бағасын арзандату, бәсекеге қабілеттілікті дамыту, атап айтқанда осы бағытта дамыған елдердің деңгейіне шығу керектігін жеткізді. «Егер дәстүрлі өнеркәсіптік индустрияда бұны жүзеге асыру қиындау болса, ал ақпараттық қоғамдастықты дамытуда айтарлықтай ілгерілеушілік жасай аламыз», деді Премьер-Министр.

Соңғы жаңалықтар