Халықтық спорт ойындары: Үздік өңірлер анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда ҚР Президентінің сыйлығы үшін VI  Халықтық спорт ойындары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Халықтық жарыстар биыл 21-25 қыркүйек аралығында өтті. Онда өңірлерден 2,5 мыңнан астам спортшы 13 спорт түрінен бәсекеге түсті.

Нәтижесінде, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға Астана құрамасы ие болды. Екінші және үшінші орындарға сәйкесінше Алматы мен Шымкент қалаларының өкілдері орналасты.

nullАстана құрамасының сапында 113 адам өнер көрсетті. Жүгіруде спорттық бағдарлау командасы мен асық атудан ерлер көш бастады. Бес тас ойынында әйелдер құрамасы екінші орынды иеленсе, гір тасын көтеруден «қола» бұйырды. Айта кетейік, елордалықтар волейбол, жағажай волейболы, шағын футбол, үстел теннисі және қазақ күресі сынды спорт түрлерінен қарсыластарына есе жіберіп алды.

null«Спортшылар елордамыздың Қазақстанның қаржылық және мәдени орталығы ғана емес, сондай-ақ спорттық астана атануға лайық екендігін дәлелдеді. Бұл бәріміз үшін зор мақтаныш», - деді Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Еске салайық, 2014 жылы ҚР Президентінің сыйлығы үшін Халықтық спорт ойындары Өскемен қаласында өтті.

  null 

 

Соңғы жаңалықтар