Халықтық құндылықтар МЖӘ-нің міндетті компоненті болуы қажет - Алпысов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықтық құндылықтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің міндетті компоненті ретінде белгілеу қажет.

Бұл жайында Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведмоствоаралық комиссия отырысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыста вице-министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне МЖӘ мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасының тұжырымдамасын таныстырды.

«Заң жобасы тұжырымдамасының негізгі аспектілеріне тоқталсам, түзетулердің бірінші блогы - алдыңғы қатарлы халықаралық тенденцияларды ескере отырып, МЖӘ-де жаңа тетіктерді енгізу, атап айтқанда «people first PPP», қайтарымды МЖӘ, пакеттік шешімдер. Алдыңғы қатарлы халықаралық үрдістерге сәйкес, атап айтқанда БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы ұсынған әлемдік тәжірибеге сәйкес, «people first PPP» немесе «адамдар мүддесі үшін МЖӘ» деп аталатын қағидаға орай, заң жобасы МЖӘ туралы Заңның 4-бабында қарастырылған МЖӘ-нің ерекше белгілерін халықтық құндылықтармен толықтыру қарастырылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15 шілдедегі кеңейтілген отырысында атап өтілгендей 2019 жылы: бюджет қаражатын бөлудің басымдығы мәселелерін ескеру қажет. Ең алдымен олар халықтың өзекті мәселелерін шешуге бөлінуі тиіс. Осыған байланысты халықтық құндылықтарды МЖӘ-нің міндетті компоненті ретінде белгілеу ұсынылады«, - деді ол.

Оның атап өтуінше, мемлекеттік инфрақұрылымды құруда МЖӘ тетіктерін қолдану, яғни жеке кәсіпкерліктің негізгі объектісінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын құруға шығындарын қайтаруға мүмкіндік беретін «Қайтарымды МЖӘ-ні» енгізу ұсынылады.

«Бұл бизнес субъектілері үшін айтарлықтай ынталандыру болады деп ойлаймыз. Пакеттік шешім ретінде, МЖӘ шартын жасасудың жаңа әдісін - аукционды енгізу қарастырылып отыр. Ұқсас механизм халықаралық тәжірибеде де, мысалы, келісімшарттар аукциондар арқылы сатылады, және біздің заңнамада да бар, мысалы, жер қойнауын пайдалану саласында - келісім-шарт аукционның соңында ақыға беріледі», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар