Халықтық бақылау өкілдері Алматыдағы мектеп құрылысын тексерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Панфилов атындағы №54 Қазақ-Ресей мектеп-гимназиясының халық бақылаушылары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ғимаратты қалпына келтіріп, сейсмикалық нығайтуды қолға алған мердігер компания өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Nur Otan қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бізді бүгін нысанға шақырған Алмалы аудандық партия филиалы мен филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясына алғыс айтамыз. Әр отбасы құрылыс жұмыстарының тезірек аяқталуын тағатсыздана күтіп отыр. Қазір біздің балаларымыз екі мектепке бөлінді – бұл № 128 және №134. Бұл жағдайда бізді қашықтықтан оқыту құтқарады, бірақ егер жаңа оқу жылында сабақтар офлайн режимінде өтетін болса, онда көптеген адам балаларды мектепке апарып, қайтадан алып кетуде қиындықтарға тап болады»,-дейді «Халықтық бақылау» жобасына қатысушы ата-ана.

Мердігер ұйымның өкілі «Халық бақылаушыларының» дәлелдерімен келісіп, жұмыстардың мұқият жүргізіліп жатқанын және осы мектепте соңғы рет күрделі жөндеу 40 жыл бұрын болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, ол ғимараттың үлкен аумағы жарамсыз болып қалғанын түсіндірді. Демек, жұмыс көлемі де артты.

Мысалы, бүкіл еденді ауыстыру қажет. Өйткені тақтайлар толығымен шіріп кеткен.

«Жұмысты бастаған кезде біз осындай 32 пунктті қайта жасау керек деп шештік. Мектеп бірнеше рет өртенген. Соғысқа дейінгі жылдары салынған. Баспалдақтарды тексеру кезінде шіріген металл да табылды. Бастапқы жұмыс жоспарын өзгертуге рұқсат алу үшін жеті ай әртүрлі мекемелерге және тапсырыс берушіге жүгінуге кетті. Біз баспалдақтарды толығымен бөлшектеп, оларды ауыстырдық, ал бастапқы жобада тек кескіндеме болды»,- дейді компания өкілі.

Оның айтуынша, ғимараттың металл жақтаулары күшейтілді. Қабырғасын сапалы тегістеу үшін қосымша 35 млн теңге инвестиция тартылды.

«Біз ұсақ-түйекке дейін бәрін мұқият жасаймыз, өйткені жұмыс барысында кемшіліктер бір-бірлеп шығады. Мен осы жылдың шілде айында нысанды тапсыруға уәде беремін», - деді мердігер.

Аталған нысанда орналасқан партиялық бақылау бекетінің басшысы және қалалық мәслихаттың депутаты Әсия Ақанованың айтуынша, мүдделі тұлғалар арасындағы осындай кездесулер мен сындарлы диалог Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына толық сәйкес келеді.

Сонымен қатар, партиялық жобаларды да, мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың ашықтығын көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар