Халықты жұмыспен қамту жұмыстарына күш салу керек –Бақытжан Сағынтаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бұл туралы шаһар басшысы бүгін өзінің instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматының бизнес - қауымдастығымен, еңбекпен қамту орталықтарымен, өкілетті құрылымдармен еңбекпен қамту және жұмыс орындарын құру бойынша ашық әңгіме өрбіді.
Біздің мақсатымыз - сапалы жұмыс орындарын құру, еңбекпен дұрыс қамтылмағандар мен жұмыссыздар санын қысқарту, қала экономикасының құрылымына сай кадрлар даярлау жүйесін жақсарту. Ашық экономикалық сараптама қажет. Қаланың еңбек нарығында орын алған проблемаларды шешудің жолдары қандай ?. Кеңесте мен өзімнің сұрақтарыма нақтылы жауап ала алмадым»,-деп жазады қала әкімі.

Оны сөзінше, әлеуметтік әл-ауқат (Сайфеденов), стратегия және бюджет (Жазылтаева), кәсіпкерлік және инвестициялар (Наурызбеков) басқармаларының халықты еңбекпен қамту жұмыстары жеткіліксіз.

«Екі аптадан соң бұл мәселеге қайта ораламын»,-дейді Б.Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар