Халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6 пайызға жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6 пайызға жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде 2000 жылдардан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді. 20 жыл ішінде «Ауыз су», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды. Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6 пайызға жетті. Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға кірістік. Осы бағдарлама аясында 2025 жылға қарай ел халқын толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр«, - деді министр.

Оның атап өтуінше, Елбасы тапсырмасына сай ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын кемінде 100 млрд теңге қаражат бөлінуде.

»Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға республикалық бюджеттен 113,6 млрд теңге бөлінді. 303 жоба іске асырылуда«, - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар