+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Халықты баспанамен қамтуда алға шыққан үш өңір белгілі болды

2021 жылғы 14 қыркүйек 09:52
Бөлісіңіз:
Халықты баспанамен қамтуда алға шыққан үш өңір белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуына қарағанда, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші бойынша Атырау, ШҚО, Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ведомство басшысы Үкімет отырысында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Министрлік зейнетақы жинағын депозитке аудару мүмкіндігін түсіндірді Әскерилерді баспанамен қамтамасыз ету тетігі жетілдіріліп жатыр Тұрғын үй мәселесі: Елордада МИБ-ке өтуде қандай қиындықтар кездеседі

«Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша да оң динамика байқалып отыр. Биылғы қаңтар-тамызда 8,9 млн шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Көрсеткіштің өсімі 10,5%-ды құрады. Есепті кезеңде барлық өңірлер оң өсім көрсетті. Ең жоғарғы өсім Атырау, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында байқалады», - деді министр.

Ал ауыл шаруашылығында республика бойынша орташа өсім 2% болған.

14 өңірде оң динамика тіркелсе, соның ішінде ең жоғарғы өсім - Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі.

«7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасында жалпы жағдай мынадай. Барлық көрсеткіш бойынша оң өсім 5 өңірде – Шымкент қаласында, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстарында байқалады. Ал, 6 көрсеткіш бойынша 8 өңірде өсім бар. 3 өңірде 5 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Батыс Қазақстан облысында тек 3 көрсеткіш бойынша өсу байқалды», - деді Әсет Ерғалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT