+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Халықпен жұмыс істегенде атүстілік пен салғырттық болмауы керек - Дариға Назарбаева

2019 жылғы 7 қазан 15:41
Бөлісіңіз:
Халықпен жұмыс істегенде атүстілік пен салғырттық болмауы керек - Дариға Назарбаева

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыстық мәслихат депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева мемлекеттік басқаруға әйелдердің қатысуын кеңейту мәселесін көтерді Дариға Назарбаева: Бюджет басымдықтары нақты болмаса нәтиже болмайды Дариға Назарбаева бірқатар елдердің парламент басшыларымен кездесті

Сенат басшысы депутаттарды мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуымен құттықтады. Д.Назарбаеваның айтуынша, өкілді органдар жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде аса маңызды рөл атқарады.

Сенатта аймақтармен ынтымақтастықты арттыруға арналған жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Сенат мәслихаттардың рөлін одан әрі нығайту және мәслихат хатшысының мәртебесін арттыру, сондай-ақ босатылған негізде қызмет атқаратын депутаттар институтын енгізу жөнінде үкіметке ұсыныстар топтамасын әзірледі. Оның бәрі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға түзетулерде көрініс тапты. Дариға Назарбаева мәслихат депутаттарын құжатты белсенді түрде талқылауға шақырды.

Сенат Төрағасы мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде олардың жұмысының дербестігін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Біз Сенаттың жанында жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрдық және оған зор үміт артып отырмыз. Мәслихатпен байланыс тығыз әрі белсенді және екіжақты болғанын қалар едік», - деп атап өтті Д.Назарбаева.

Сенат басшысының пікірінше, халықпен жұмыс жасаудың жаңа тұрпаты керек болады, жұртшылықтың қатысуымен көшпелі отырыстарды үздіксіз өткізіп, жасалған жұмыстар туралы ресми сайттарда ғана емес, әлеуметтік желілерде де кеңінен жариялау қажет. Д.Назарбаева бұл ретте осы жұмыстар атүсті жасалмай әрі сөз жүзінде қалмай, нақты мазмұнға ие болуы керектігін атап өтті.

Д.Назарбаева ұлттық мәдени орталықтар басшыларымен сол күнгі болған кездесуде аймақтардағы ассамблеялардың мәртебесін нығайтуды, атап айтқанда жастарды мәдени орталықтар жұмысына тарту, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдері үшін әлеуметтік лифт жүйесін құру мәселелерін талқылады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT