Халықпен байланыс арналарының жұмысына мониторинг жүргізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аида Балаева «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруда өзі жетекшілік етіп отырған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жұмыстағы басымдықтарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл бағытта халықпен коммуникация жасайтын арналардың жұмыс сапасына жүйелі мониторинг пен талдау жүргізіледі. БАҚ-тан, үкіметтік емес ұйымдар мен халықтан түсетін сұраныс пен өтініштерге уақтылы жауап беріледі. Сонымен бірге мемлекеттік органдар жұмысының ақпараттық белсенділігін арттыру көзделеді», - деді Аида Балаева ОКҚ алаңы арқылы халыққа есеп беру кездесуінде.

Министр сондай-ақ ұлтаралық қарым-қатынас саласында аймақтарда зерттеу жұмыстары, аналитикалық және болжау жұмыстары күшейтілетінін жеткізді.

Сондай-ақ ұлтаралық қақтығыс қаупінің алдын алу және ескерту жұмыстары жүйелендірілмек.



Соңғы жаңалықтар