USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қай күндері жұмыс істемейді

2021 жылғы 30 қараша 17:53
Бөлісіңіз:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қай күндері жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік мереке – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 1 желтоқсан күні Қазақстанның ХҚО-лары мен мамандандырылған ХҚО-лары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандағы барлық автоХҚО жұмысын қайта бастады Ертең автоқызмет көрсететін  ХҚО-лар жұмысын қайта бастайды Алматыда Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады

Бүгінгі таңда елімізде 334 халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 32 мамандандырылған бөлім бар.

Онда азаматтар мемлекеттік қызметтердің 662 түрі бойынша жүгіне алады.

Сондай-ақ азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egov mobile қосымшасы арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.

«Біз қазақстандықтарды желтоқсан айында атап өтілетін мерекелерімен құттықтаймыз. Көпшілік демалыс және мереке күндеріне дейін барлық құжатын түгендеп-жинастыруға, қандай да бір анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. ХҚО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтінін еске саламын. Сенбі, жексенбі және мемлекеттік мереке күндері – демалыс», – деді мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Байрам Азизов.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ 16-17 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күніне байланысты жұмыс істемейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#ХҚО  
Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT