+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

2020 жылғы 24 мамыр 09:36
Бөлісіңіз:
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23 мамырдан бастап еліміздегі бірқатар Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастайды. Бұл туралы ҚазАқпарат 1414 байланыс орталығының Telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

23 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Бас санитарлық дәрігерінің шешімімен Семей қаласынан басқа өңірдегі ХҚКО-лардың бәрі жұмысын бастайды.

25 мамырдан бастап Алматыдағы ХҚКО-лар жұмысын бастайды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облысындағы ХҚКО-лар жұмыс істеп тұр.

Шымкент қаласы мен Атырау облысында әкімдіктің шешімімен бизнеске байланысты қызмет түрін көрсететін ХҚКО ғана жұмыс істейді.

Жамбыл облысында әзірге ХҚКО жұмыс істемейді.

ХҚКО-ға бармас бұрын ол жерден тек электронды түрде алу мүмкін емес «қағаз» түріндегі, сондай-ақ egov.kz порталында электронды түрде рәсімделген қызметті алуға болатынын ескеру керек. Ол жерге бару үшін алдымен egov.kz порталы арқылы, eGovKzBot2.0 боты арқылы жазылып немесе 1414 нөміріне хабарласу қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT