+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

«Халыққа көмек»: Қостанайда консультациялық орталық ашылды

2020 жылғы 7 ақпан 15:46
Бөлісіңіз:
«Халыққа көмек»: Қостанайда консультациялық орталық ашылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласындағы «Zhas Otan» жастар қанатының консультациялық орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Nur Otan әлеуеті Президенттің коронавируспен күрес бастамаларын қолдауға жұмылдырылсын – Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуде Nur Otan жалғызбасты қарттар мен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде 150 млн теңге бағыттады

Бұл орталықта тұрғындар әлеуметтік, тұрмыстық мәселелер бойынша сауалдарына тегін жауап ала алады. «Zhas Otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары Айкүнім Қасеннің сөзінше, қостанайлықтар көбіне тұрғын үй бағдарламасы, жұмыспен қамту және медициналық сақтандыруға қатысты сұрақтармен жүгінеді.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде «Халыққа көмек» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Қазір осы жоба аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінде кеңес орталықтары ашылып жатыр. Соның бірін біз де қолға алдық. Егер қала тұрғындарынан сұраныс болса, мұндай орталық қаланың басқа да орындарынан ашылады. Басты мақсатымыз – халыққа жақындау, елдің кәдесіне жарау», - дейді Айкүнім Қасен.

Кеңес орталығы күндізгі сағат 11:00-ден кешкі 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл жерде тұрғындар сұрағына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, әлеуметтік сала мамандары жауап береді. Алғашқы күні орталыққа 30-ға жуық адам кеңес сұрап келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT