Халыққа көмек: Ақтөбеліктер басшылардың қабылдауында болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалында «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы бір жерде отырып, аналардың сұрағына жауап берді. Жалғызбасты аналар мен көпбалалы қоғамдық қабылдауда өздерін толғандырған, шешімін таппаған мәселелерін атап өтті. Мәселен, Баян Жүсіпова жалғыз өзі екі бала тәрбиелеп отыр. Қыздарының алды 8 жаста, ал кішісі 1 жастан асты. Ол 5-6 жыл бұрын Ембі қаласынан көшіп келген. Қазір тұрақты жұмысы жоқ. Алдымен тұрақты мекенжайға тіркеліп, балаларына атаулы әлеуметтік көмек алғысы келеді. Жалдамалы пәтерге төлейтін ақшасы да жоқ.null

«Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Сергей Вищняк қарызымды өтеу үшін материалдық көмек көрсететін болды. Қоғамдық қабылдауға келіп, мекенжайға тіркелдім. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандарынан кеңес алдым. Яғни, бір баламның құжатын жинақтауым қажет. Мұндай қоғамдық қабылдау халыққа пайдалы», - деді Баян Жүсіпова. Ал Дәмежен Құнанбаеваның науқас жиені бастауыш сыныпты үйде оқыды. Ол қосымша үйірмелерге тегін қатысуға көмек сұрады. Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысы Ләззат Оразбаева алдағы уақытта дәрігердің нұсқауымен бассейн, домбыра, вокал үйірмелеріне қатысуға болатынын айтып берді.null null

«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тікелей тапсырмасымен «Халыққа көмек» жобасы жүзеге асқан сәттен бастап өңірдегі партиялықтарға көпбалалы отбасынан 105 азамат өтініш білдірді. Олардың 39 пайызы жедел шешімін тапты. Бұл ретте өтініштердің басым бөлігі материалдық көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік, құқықтық көмек екенін атап өткен жөн», - деді партияның Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов.

null

Соңғы жаңалықтар